Маңғыстау және Жамбыл облыстарына әскери техника жіберіледі - Қорғаныс министрлігі
Әскери техника лектерінің жүру бағыты мен уақыты жергілікті атқарушы органдармен келісілген
Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес Маңғыстау облысында Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлері артиллеристерінің лагерлік жиыны өтеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жиын өтетін орында оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін әскери техника Ақтөбе бекетінен Маңғыстау бекетіне дейін теміржол көлігімен тасымалданады.
«Әскери техниканың қозғалысы 15 тамызда да іске асырылады. Алматы, Шымкент, Қонаев, Тараз, Талдықорған, Сарыөзек және Құландыдағы әскери бөлімдер орналасқан жерлерден әскери техника лектері жауынгерлік дайындық бойынша сабақтар өткізілетін Жамбыл облысы Гвардейск кентіндегі «Мәтібұлақ» полигонына қарай қозғалады», - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Әскери техника лектерінің жүру бағыттары мен уақыты жергілікті атқарушы органдармен келісілген.