$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазгидромет сенбі күніне арналған ауа райы болжамын жариялады

Еліміздің батыс өңірінде аптап ыстық болады

Қазгидромет сенбі күніне арналған ауа райы болжамын жариялады
фото: almaty.tv

«Қазгидромет» РМК синоптиктері сенбі күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

13 тамызда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде 36-37 градус қатты ыстық күтіледі. 13-15 тамызда Атырау облысының шығысында 42 градус ыстық болады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 40 градус болады. Ал Шығыс Қазақстан облысының таулы аймықтарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде және шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың таулы аймықтарында бұршақ жауады.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыс орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде және шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, солтүстік-батыста екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетауда түнде және таңертең тұман түседі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде сынап бағанасы 40 градус ыстықты көрсетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысында найзағай ойнап, батыстан жел соғады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ауа райы