13.08.2022, 00:22
Жаңалықтар
Алматыда дизель отынын заңсыз сатпақ болған кәсіпкерге қатысты сот үкімі шықты
Серіктестік басшысы 14,6 млн теңгеның дизель отынын сатпақшы болған
фото: sud.gov.kz
Алматыда 80 тоннаға жуық дизель отынын заңсыз сатпақ болған ЖШС басшысы 2 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті «AA Trade Company» ЖШС басшысына қатысты аса ірі көлемде мұнай өнімдерін заңсыз сақтау және сату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Тергеу барысында серіктестік басшысы жалпы сомасы 14,6 млн теңгеге 78 тонна дизель отынын шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз сатып алу-сатумен айналысқаны анықталды.
Сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, оған шартты түрде рақымшылық қолдану арқылы 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді