$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тұңғыш Президент елордада жаңа мешіттің ашылуына қатысты

Үш жыл бұрын мешіттің құрылысы жаңа басталғанда алғашқы тасын өзі қалаған

Тұңғыш Президент елордада жаңа мешіттің ашылуына қатысты

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елордада жаңа мешіттің ашылуына қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Осыдан үш жыл бұрын мешіттің құрылысы жаңа басталғанда алғашқы тасын өзі қалаған.

 

«Баршаңызды мешіттің ашылуымен құттықтаймын! Осы жылдар ішінде елордада көптеген ғимарат бой көтерді, бірақ бұл мешіттің орны ерекше. Осында оқылған әрбір дұға-тілекті Алла қабыл алсын!

Президенттік өкілеттігім аяқталған соң осы мешіттің іргетасын өзім қалап едім. Бұл Отан алдындағы перзенттік борышым деп білемін», - деді Тұңғыш Президент.

Айта кетейік, жаңа мешіт Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен үш жылдың ішінде салынды. Мешіт орналасқан жер учаскесінің алаңы – 10 гектар. Оның жалпы алаңы – 68 062 шаршы метр. Үлкен күмбездің биіктігі – 83,2 метр, диаметрі – 62 метр. Мешіттің төрт мұнарасы бар. Оның биікті – 130 метр.

Мешіттің жалпы сыйымдылығы 235 000 адамды құрайды, яғни бір мезетте осынша адам сапта тұрып намаз оқуға мүміндігі бар. Ашық алаңда шамамен 200 мың адам, яғни: подиум мен сахан аймағында 30 мың адам, мешіт ауласында 170 мың адам бір мезетте құлшылық жасауға мүмкіндік бар. Мешіт ішінде 35 мың адам, яғни ерлерге арналған орында 30 мың адам; әйелдерге арналған орында 5 мың адам намаз оқи алады.

Мешіттің сыйымдылығы бойынша әлемдегі ең үлкен 10 мешіттің қатарына енді.

Серіктес жаңалықтары