Антикор ҚТЖ қызметіне талдау жасайды

Azattyq Rýhy

Талдауды Агенттіктің, Ұлттық компанияның, мүдделі мемлекеттік органдардың мамандары және азаматтық қоғам өкілдері жүргізетін болады

Антикор ҚТЖ қызметіне талдау жасайды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға кіріседі. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚТЖ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың басталғанын мәлім етті.

Талдауды Агенттіктің, Ұлттық компанияның, мүдделі мемлекеттік органдардың мамандары және азаматтық қоғам өкілдері жүргізетін болады.

«Талдау барысында темір жол саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалу себептері мен жағдайлары зерделенетін болады, бұл ұлттық оператор қызметінің тиімділігіне, бұрын мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық қордан алынған қаражаттың жұмсалуына әсер етеді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат және талданып отырған саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, abdrakhmanov.n@antikor.gov.kz электрондық поштаға жіберуді сұраймыз.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы белгілі болса, 1424 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Call-орталығына 24/7 режимінде хабарлай аласыз», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.