Жыл басынан бері шекарадан 8 мыңнан аса суық қару тәркіленді – ҰҚК
Соңғы аптада 60 аңшылық және 6 зақымдайтын оқ, қолдан жасалған 2 пышақ анықталды

ҰҚК Шекара қызметі 2022 жылдың басынан бері 170 бірліктен астам оқ-дәріні, 8 мың бірліктен аса суық қару мен электрлік естен тандыру құралдарын шекара арқылы өткізу әрекеті кезінде тәркілеп, оқсыз атылатын қаруды әкетудің 2 фактісінің жолын кесті. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Тек соңғы аптада шекаралық бақылау жүргізу кезіндегі тексеру іс-шаралар нәтижесінде 60 аңшылық және 6 зақымдайтын оқ, қолдан жасалған 2 пышақ анықталды.
«Барлық жағдайларда ұсталған адамдар мен көліктер процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құзыреті бойынша ішкі істер органдарына тапсырылды.
ҰҚК Шекара қызметі азаматтарға Мемлекеттік шекара арқылы тыйым салынған заттарды тиісті рұқсат құжаттарсыз алып жүру кезіндегі жауапкершілік туралы ескертеді», - делінген хабарламада.