$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай облысының әкімдігі арзан бағадағы қантты өзі қалаған кәсіпкерлерге үлестіріп берген

Сол үшін әкімдік қызметкерлері сыйақы ретінде 500 кг қант алған

Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті өңірдегі бағаны тұрақтандыруға арналған қантты бөлудің қылмыстық схемасын әшкереледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Әкімдік пен «Тобыл ӘКК» АҚ қызметкерлері қант тапшылығын пайдалана отырып, оны облыстың тұрақтандыру қорынан 420 тг/кг жеңілдік құны бойынша кезектен тыс және нормадан тыс таңдап алған кәсіпкерлерге берген. Бұл үшін кәсіпкерлер әкімдік пен ӘКК қызметкерлеріне сыйақы ретінде 100-ден 500 кг-ға дейін қантты үлестірген», - делінген Антикор хабарламасында.

Бұдан әрі таңдау жасалған кәсіпкерлер пайда көру мақсатында халыққа қантты 10%-дың орнына 100% үстеме бағамен сатқан.

«Тұрақтандыру қорының қойма меңгерушісінің жеке гаражын тексеру барысында 900 кг қант табылып, тәркіленді. Алынған қант тұрақтандыру қорына қайтарылды», - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Өңірлерде әлеуметтік маңызы бар проблемалар бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары