$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еуропа елдері энергияны үнемдеу шараларына көшкен


Сонымен бірге, газды тұтыну мөлшерін азайту жоспары күшіне енді

Еуропа елдері энергияны үнемдеу шараларына көшкен
Фото ашық дереккөзден

Энергияның қымбаттауы көп елде инфляцияны өршітті. Әсіресе Кәрі Құрлыққа оңай болмай тұр. Өйткені Украинадағы шиеленіске байланысты Еуроодақ ресейлік мұнай, газ бен көмір импортын шектеді, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Енді Ресейден жеткізілетін шикізатқа тәуелділікті азайту үшін бірлестік газды тұтыну мөлшерін 15 процентке азайтуды қолға алды. Одаққа мүше елдер одан да басқа үнемдеу шараларын іске асыруға көшкен. Испанияда енді кеңселер, дүкендер мен қонақ үйлерде кондиционерлердегі температураны 27 градустан төмен суытуға болмайды. Ал қыста 19 градустан жоғары көтеруге рұқсат жоқ. Сауда орындарының сөрелерінде түнгі оннан кейін жарық сөндірілуге тиіс. Билік осылайша электр энергиясын үнемдеуді көздеп отыр. Бұған дейін мемлекеттік мекемелерге де тиісті талап қойылған. Ал енді кешеден бері газды тұтыну мөлшерін азайту жоспары күшіне енді.

«Германия, Италия секілді елдер ресейлік энергия көздеріне қатты тәуелді. Еуроодақтың өзге елдерімен салыстырғанда Испанияның географиялық орналасуына байланысты бізде ондай тәуелділік жоқ. Десе де біз ниеттестік танытып, бірлестіктің басқа мемлекеттері секілді үнемдеу шараларын орындайтын боламыз», - деді Испанияның премьер-министрі Педро Санчес.

Алайда биліктің бұл жоспарымен тұрғындар келіспейді. Өйткені Испания Еуропадағы ең ыстық елдердің бірі саналады. Сондықтан күн шыжып тұрғында кондиционерді қолдану бойынша шектеу тұрғындарға ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Шілдеде ауа температурасы 40 градустан түспей қойған. Енді алдағы күндері тағы да солай болады деген болжам бар. 

Серіктес жаңалықтары