Шымкенттің Достық шағын ауданына газ берілді

Azattyq Rýhy

Бұл ауданда 2686 үй бар

Шымкенттің Достық шағын ауданына газ берілді

Шымкент қаласы, Қаратау ауданына қарасты Достық шағын ауданының тұрғындары енді газдан тапшылық көрмейді. Бұл туралы Azattyq Ruhy Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жергілікті тұрғындармен жүздесіп, атқарылған жұмыстарды тексерді. Бұл кездесуге қоғам белсенділері, ауыл билері мен Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов те қатысты.

«2021 жылдың желтоқсан айында 46,06 шақырымға газ жүйесі тартылған болатын. Көгілдір отынмен қамтуда АГРС-3 нысанының іске қосылуын күттік. Енді міне, көптен күткен жұмыс толық аяқталып, сіздерге газ беріліп жатыр. Құжаттары дайын үйлерге газ қосылды. Енді қалғандарыңыз да күз басталмай құжаттарыңызды әзірлеп үлгеріңіздер», - деді шаһар басшысы. 

Жалпы Достық шағын ауданында 2686 үй, 15 750 тұрғын бар. Абонемент саны: 2 625. Мердігер мекеме «ГХ Шымкентгаз» ЖШС-гі жобаны 957,838 млн теңгеге атқарып, жұмысты мерзімінде аяқтады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.