$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында Ұлттық ұланның сарбазы қаза тапты

Алматы облысында 9 тамыз күні сағат 20:55 шамасында қатты дауыл басталды

Алматы облысында Ұлттық ұланның сарбазы қаза тапты

Ұлттық ұланның мерзімді қызметтегі сарбазы Алматы облысында дауыл кезінде әріптестеріне көмектесіп жүріп қаза тапты. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, 5571 әскери бөлімінің жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес, жедел мақсаттағы бірінші батальонның жеке құрамы 8-13 тамыз күндері 5574 әскери бөлімінің оқу орталығында далалы жерде болған.

«9 тамызда сағат 20:55 шамасында қатты дауыл басталды. Қатардағы жауынгер А.Н. Шахимов әріптестерін қауіпсіз жерге эвакуациялауға көмектесіп жүріп, шатырдың металл жақтауына соғылып, басынан жарақат алды.

Алғашқы медициналық көмек жедел көрсетілген соң ол Қонаев қаласының қалалық медициналық мекемесіне жеткізілді. Қонаев қаласының қалалық ауруханасында әскери қызметшінің қайтыс болғаны анықталды. Қатардағы жауынгер А.Н. Шахимов өзінің жанқиярлық әрекетімен жолдастарын құтқарып қалды, алайда өзі басынан ауыр жарақат алды», - делінген Ұлттық ұлан хабарламасында.

Жауынгер А.Н.Шахимов 2003 жылы туған, ол 2022 жылдың көктемінде Ақмола облысының Көкшетау қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті арқылы шақырылған.

Аталған факті бойынша кезекші қызмет желісі арқылы хабарланды және өзара іс-қимыл жасайтын органдар ақпараттандырылды. Себептері мен мән-жайлары анықталуда, қызметтік тергеу жүріп жатыр.

«Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қатардағы жауынгер А.Н. Шахимовтың ата-аналары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - деп толықтырды Ұлттық ұланда.

Серіктес жаңалықтары