$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Автобуста бұрынғы әйелін пышақтап өлтірмек болған оқиға: полиция қосымша мәлімет таратты

Ер адам жолаушылардың көзінше бұрынғы әйелін пышақтап өлтірмек болған

Автобуста бұрынғы әйелін пышақтап өлтірмек болған оқиға: полиция қосымша мәлімет таратты

Алматыда автобус жолаушыларының көз алдында бұрынғы әйелін пышақтамақ болған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, өткен жұма күні ер адам қоғамдық көлікте бұрынғы әйелін пышақтап өлтіруге тырысқан болатын. Бастапқыда сот шешімі бойынша оның небәрі 15 тәулікке қамауға алынғаны жұртшылықтың наразылығын тудырған.

«Алматы полиция департаменті бұл факті осы жылдың 1 тамызында ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі «бұзақылық» бойынша атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттерді және өзге де суық қаруды денсаулыққа зиян келтіруге тырысқаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін мәлімдейді», - делінген полиция хабарламасында.

Қазір тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр.

«Прокуратураның келісімі бойынша күдікті тергеу жүргізіліп жатқан қылмыстық іс аясында бұлтартпау шарасы арқылы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу нәтижелері бойынша күдіктінің әрекеттеріне баға беріліп, қылмыстық құқық бұзушылықтардың біліктілігі анықталады», - деп толықтырды полиция.

Сол сияқты қоғамдық көлікте екі баланың анасын бұрынғы күйеуінен арашалап, құтқарған ер адам жайлы мәлімет те белгілі болды. Ол – Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының «Медеу» табиғи саябағында жұмыс істейтін 23 жастағы Райымбек Медетбек.

Райымбек Медетбекті Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қабылдап, арнайы сыйлықпен марапаттаған болатын.

Серіктес жаңалықтары