Алматыда жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші ұсталды

Azattyq Rýhy

Қоғамдық көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды

Алматыда жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Алматыда жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, қоғамдық көліктің жүргізушісі жалған жүргізуші куәлігімен ұсталған. Белгілі болғандай ер адам 2021 жылы көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

«Алайда С. есімді азамат жалған жүргізуші куәлігін жасап, заңды айналып өтпекші болды. Құқық бұзушы № 85-бағыттағы қоғамдық көлікті басқарып келе жатып, автовокзал маңындағы аялдамада ұсталды. Оның жеке басын тексеру кезінде жалған құжаттың пайдаланғаны анықталды, сонымен қатар оған жолаушыларды тасымалдауға мүмкіндік беретін санаттар шеберлікпен қосылған. Көлікті тоқтатқан сәтте ішінде 40-тан астам жолаушы болды. Аудандық Полиция басқармасында жалған құжат жасау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,- деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Сейітқұлов.

Полиция өкілінің айтуынша, жүргізушіге және оның құжаттарын дұрыс қадағаламаған автопарк басшылығына қатысты әкімшілік шара қолданылды. Қоғамдық көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.