$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.02.2020, 09:38
Жаңалықтар

Қазақстанда былтыр 3,8 мың адам суицид жасап көз жұмған

Өзіне қол салудың негізгі себептері: жалғыздық, кедейлік және түрлі аурулар

Қазақстанда былтыр 3,8 мың адам суицид жасап көз жұмған
Фото: ашық дереккөзден

Елімізде 2019 жылы 3,8 мың адам суицид жасап көз жұмған деп жазады Ranking.kz. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,4%-ға көп. Алдыңғы жылы өзіне қол салғандар саны 3,5 мың адамды құраған болатын.

Суицид жасағандардың 3 мыңға жуығы ер адамдар. Өмірден өз еркімен кеткісі келген әйелдер саны салыстырмалы түрде аз болғанымен (772 қайғылы оқиға), бір жылда бұл көрсеткіш 11,1 пайызға бір-ақ артқан.

Ал, суицид жасауға оқталғандардың саны былтыр 4,8 мың адамды құрады (алдыңғы жылмен салыстырғанда 13%-ға артық). Олардың 2,8 мыңы – ер адамдар, 1,9 мыңы – әйелдер.

Жалпы суицидтен көз жұмғандардың 180-і кәмелетке толмаған балалар: 121 – ұл, 59 – қыз бала.

Өзіне қол салудың басты себептері – жалғыздық (294 оқиға), кедейлік (205), ауыр сырқаттар (136). Сондай-ақ, отбасылық дау-жанжалдан кейін де суицидке баратын қазақстандықтар көп. Десе де, мамандар 2,8 мың суицидтің себебін анықтай алмады.

Ең көп суицид Алматы облысында (425), Шығыс Қазақстан (411) және Түркістан (345) облыстарында тіркелген.

Серіктес жаңалықтары