$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алаяқтар қоңырау шалатын жалған телефон нөмірлері бұғатталады

Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді

Алаяқтар қоңырау шалатын жалған телефон нөмірлері бұғатталады
Фото: depositphotos/Syda_Productions

Алаяқтар қоңырау шалатын жалған телефон нөмірлері бұғатталады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановпен бірлесе өткен кеңесте интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелер талқыланды.

«Біз қазіргі уақытта байланыс операторларымен бірге осы мәселеге қатысты бірлескен іс-шараларды жүзеге асырудамыз. Бүгінгі таңда алаяқтармен күресудің тиімді әдістерінің бірі- жалған нөмірлерді бұғаттау. Қыркүйек айының соңына дейін байланыс операторлары алаяқтар қоңырау шалатын жалған телефон нөмірлерін анықтап, бұғаттайтын болады», - деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.

Цифрлық даму министрлігі азаматтардың қауіпсіздігін ескере отырып, ұялы нөмірлерді тіркеу кезінде биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізуді қарастыруда. Осылайша, телефон нөмірлерінің бөтен адамдарға тіркелу жағдайларының алдын алмақ.

«Сондай-ақ, біз интернет-алаяқтыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру бағытында банктермен тығыз әрекет жасауды ұсынамыз, өйткені алаяқтық фактілердің орын алуы көп жағдайда банк операцияларымен тікелей байланысты. Банк қызметкерлері тұрғындарға хабарласқан уақытта, оның шыныменде банктен хабарласып тұрғанына көз жеткізу үшін SMS-хабарламалар арқылы сәйкестендіру жүйесін енгізуге болады», - деді Бағдат Мусин.

Кездесу барысында Қоғамдық кеңес мүшелері интернет алаяқтығы мәселесін шешу тұрғысында өз ұсыныстарын ортаға салды. Мысалы, алаяқтарға және олардың айла-амалдарына қатысты барлық мәліметтер енгізілетін арнайы платформа құру туралы да айтылды.

Серіктес жаңалықтары