$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстауда телефондарды тамаққа жасырып, тергеу изоляторына өткізбек болған азамат ұсталды

Шырпы қорабының өлшеміндей болған екі Samsung және бір Nokia телефоны сәлемдемелер арасынан табылдыШырпы қорабының өлшеміндей болған екі Samsung және бір Nokia телефоны сәлемдемелер арасынан табылды

Маңғыстауда телефондарды тамаққа жасырып, тергеу изоляторына өткізбек болған азамат ұсталды
фото: Polisia.kz

Маңғыстауда ер адам 3 телефонды кеспе ішіне жасырып, тергеу изоляторына өткізбек болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz -ке сілтеме жасап.

Үш телефонды Маңғыстау облысының тергеу изоляторына өткізбек болған ер адам ұсталды. Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ГМ-172/10 мекемесінің қызметкерлері тез дайындалатын құрғақ кеспеден мобильді байланыс құралдарын тапты.

Ер адам оларды целлофан мен фольгаға орап, содан кейін роллтонға жасырған. Айтуынша телефондарды өзінің сотталушы танысына бергісі келген. Енді ол 10 АЕК айыппұл төлейді немесе әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

"Осы жылдың 7 айында ГМ-172/10 мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізудің 7 әрекеті анықталды, 9 телефон мен 2 есірткі заттары табылды. Төрт жағдайда құқық бұзушыларға әрқайсысы 10 АЕК айыппұл салынды. Бір адамға ескерту берілді. 2 факті қылмыс ретінде анықталды", – деді Маңғыстау облысы ҚАЖД ГМ-172/10 мекемесі бастығының міндетін атқарушы Есболат Ағлепесұлы.

Серіктес жаңалықтары