ШҚО-да 9 перзентхана салынады
Облыс тұрғындарының 80 пайызы Өскемен және Семей қалаларында босануға мәжбүр
Шығыс Қазақстан облысында 9 перзентхана салынады. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов Қоғамдық кеңеспен есепті кездеусінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Аltaynews.kz-ке сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта өңірдегі жүкті әйелдердің 80 пайызы Өскемен және Семей қалаларында босанады. Неліктен? Кезінде әлдекімдер үлкен кемшілікке жол берген. Бала өмірге келгенде, туыс-туған түгел жиналып, қуанышты бірге қарсы алу керек. Ал біз ана мен баланы олардан жүздеген шақырымға алыстатып алып кетеміз», – дейді аймақ басшысы.
Осы себепті облыс көлемінде екінші деңгейлі 9 перзентхана салу туралы шешім қабылданды. Оның бесеуі шекара маңындағы аудан орталықтарында болады.
«Бұл перзетханалар ең жоғары стандарттарға сәйкес жабдықталады», – деді Даниал Ахметов.