ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Елордада онкологиялық ауруға шалдыққан балалар химиялық ем қабылдай алмай отыр

Олар тегін берілетін дәріні екі ай ала алмапты

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтандық онокологиялық ауруға шалдыққан балалар химиялық ем қабылдай алмай отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Науқас бүлдіршіндердің ата-аналарының айтуынша, 2 айдан бері мемлекет тарапынан тегін берілетін химиялық дәрі-дәрмек жоқ. Олар «Ана мен бала» орталығының қызметкерлері бұл жағдайдан хабардар екенін, алайда ешқандай шара қабылданып жатпағанын айтады.

«Ана мен бала» орталығында химиялық дәрі жоқ. 2 ай бойы алмағаннан кейін баланың мұрнынан қан кетіп, қайтадан басы айналып, қан қысымы түсіп кете берген соң, біз өзіміз Қазақстан бойынша таппай, Ресейден тасыдық. Бір қорабы 133 мың теңге тұрады. Осы айда келмесе, қайта-қайта сатып алатын ақшамыз жоқ», - дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Гүлнар Аскаринова.

«СҚ ФАРМАЦИЯ» компаниясының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету басқармасының бас менеджері Батыйхан Алдановтың айтуынша, келісімшарт бойынша «темодал» препораты  жеткізу кестесі бойынша ақпан айында тұр.

Ал «Ана мен бала» орталығының мамандары ресми сауал жолдамайынша, жауап бермейтіндерін айтты.