$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысында шекара бұзған Қытай азаматы ұсталды

Ол Қазақстан арқылы Еуропаға өтпек болған

Жетісу облысында шекара бұзған Қытай азаматы ұсталды
фото: ҚР ҰҚК

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі Қазақстан шекарасынан заңсыз өтпек болған шетел азаматтарының ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

2022 жылғы 31 шілдеде Жетісу облысы Панфилов ауданында шекарашылар Мемлекеттік шекараны бұзушылардың жолын кесті. Қытай Халық Республикасының азаматы Қазақстан Республикасына өткізу пунктінен тыс кіруге және кейіннен Еуропа елдеріне бет алуға талпынған.

Сонымен қатар шекара бұзған Ресей азаматтары қолға түсті.

«2022 жылғы 2 тамызда Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы бөлімшесі Мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін Қазақстанның аумағында қылмыстық қудалаудан жасырынуға әрекет жасаған Ресей Федерациясының екі азаматын ұстады», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ұсталған құқық бұзушыларға қатысты уәкілетті органдар сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#шекара қызметі