Аружан Саиннің мойнындағы алқасы неше теңге тұрады?
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин фотоссесия жасаймын деп, басы дауға қалды
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин бүгін әлеуметтік желіге фотоссесиясынан бірнеше сурет салды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Әлеуметтік желі қолданушылары оның бұл «шығармашылығын» аса ықыласпен қабылдаған жоқ. Себебі, Саиннің фотосессиясы оңтүстікте педофилдің қолынан қаза тапқан он бес жастағы қыздың өліміне қатысты мәселе өткір тұрғанда жасалған.
Екіншіден, әлеуметтік желіде оның мойнындағы алқа шамамен 2 млн теңге тұрады деген ақпарат шықты.
Біздің редакцияның жазбаша сұрағына жауап берген Саин болса «алқам күміс, оның кулоны 20 доллар» дегенді алға тартты.
«Менде жалпы қымбат әшекей жоқ, оларға қызықпаймын да. Бұл кулонды метталдан жасалған жүзікпен бірге тағамын, қателеспесем, «Магнетикс» фирмасының магнит терапияға арнап шығарған бұйымы. Бағасы шамамен – 20 доллар тұрады. Ал, үстімдегі күлгін жейде stradivarius-тан алынған» дейді ол.