$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«СИЗО-да өткізген 8 айға жауап береді»: Бақытгүл Хаменованың алғашқы сот отырысы өтті

Сотталушылар қатарында Атырау облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев те бар

Атырау облысы әкімнің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісі бойынша сот отырысы 11 тамызға ауыстырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ATPress.kz телеграмм-каналына сілтеме жасап.

Бүгін Атырау қаласының №2 сотында Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты басталды.

Экс шенеунік Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Пара алу) бойынша айыпталуда.

Сотталушылар қатарында Атырау облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев те бар. Ол Хаменовамен бірге «алдын ала сөз байласу арқылы пара алды» деп айыпталуда.

Алайда алғашқы сот отырысы бар болғаны 20 минутқа созылды. Құжаттардағы келеңсіздіктерге байланысты сот отырысы 11 тамызға ауыстырылды.

«Сотталушы айыптау актісінің көшірмесін алған жоқ. Прокуратура құжаттарды ұсынғанымен, ол (авт. Бақытгүл Хаменова) танысу үшін камерадан шыққысы келмеді. Сондықтан сотты 2022 жылдың 11 тамызына дейін кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды», - делінген жазбада.

Сот залынан шығар алдында Хаменова жақындарына «әділдік жеңеді» деп сендірді.

«Әділдік болады. Бәрі жақсы болады. СИЗО-да өткізген 8 айға жауап береді», -деді Бақытгүл Хаменова.

Еске салсақ, былтыр желтоқсан айында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев ұсталған болатын. Олар Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Серіктес жаңалықтары