Домбыраны жерге ұрып сындырған жігіт кешірім сұрады
Оның айтуынша, видео осыдан бір жарым жыл бұрын түсірілген
Әлеуметтік желілер арқылы домбыраны жерге ұрып сындырғандардың әрекеті жазылған бейнежазба тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Видеода жігіт домбырамен ән айтып бастайды да, соңында орнынан тұра сала домбыраны жерге бір ұрып сындырады.
Домбыраны сындырған жігіт бейнеүндеу жасап, қазақ халқынан кешірім сұрады. Оның айтуынша, видео осыдан бір жарым жыл бұрын түсірілген.
«Бұл бір жарым жыл бұрын болған. Мен ол кезде не істеп, не қойғанымды білмейтін күйде едім. Қылығымды кейінірек видеодан көргенде бір-ақ түсіндім. Мен сол кезде кешірім сұрап, жасағаным үшін жауап бергенмін. Таяқ та жедім. Алайда әлдекім видеоны желіге қайтадан салып жіберіпті. Бұл жолы қарсылық тіптен өршіп кетті. Мен бұл әрекетім үшін ұяламын. Қазақ халқынан кешірім сұраймын», - дейді жігіт.