$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.02.2020, 01:29
Жаңалықтар

Елордада көктайғақ туралы ескерту жарияланды

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалу керек

Елордада көктайғақ туралы ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Елордада алдағы 2 күнге көктайғақ туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, 5, 6 және 7 ақпан күндері көктайғақ болатынын хабарлайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с дейін жетеді», - делінген қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Депаратмент астана тұрғындары мен қонақтарына сақ болуға, ауа-райының өзгеруі мен шектеулер туралы ақпаратты бақылауға, қатты жел болғанда жақын маңдағы ғимаратты паналауға кеңес береді. Сонымен бірге, құрылыс нысандарына халықты және аумақты қолайсыз ауа-райынан қорғау бойынша қауіпсіздік шараларын қабылдауды, құрылыс-монтаж жұмыстарын шектеу ұсынылады.

Төтенше жағдай туындағанда «112» нөміріне хабарласу қажет. Зардап шеккен жағдайда міндетті түрде дәрігерге алғашқы медициналық көмекке жүгінген жөн. Ал төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалу қажет.

Серіктес жаңалықтары