$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.02.2020, 23:57
Жаңалықтар

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

6-8 ақпан аралығында еліміздің басым бөлігінде күн жылынады

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 2020 жылдың 6-8 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

«Оңтүстік-батыс тропосфералық ағындармен Қазақстанға Қара теңіздік циклон ығысып, жаңбыр, мұзды жаңбыр, жылбысқы қар, бұрқасынмен күшті оңтүстік-батыс желін және жылуды алып келеді. Тек түнде ғана емес, күндіз де ауа температурасы минус 6 - плюс 5 градус болжанады. Мұндай жоғары температура мен жауын-шашынға байланысты ауа райының өте қауіпті құбылыстарына көктайғақ пен тұман қосылды», - делінген хабарламада. 

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста оңтүстік циклонмен сондай-ақ жауын-шашын, жаңбыр, жылбысқы қар күтіледі, ауа температурасы плюс 5-10 градусқа дейін, қиыр оңтүстікте плюс 12-18 градусқа дейін жоғарылайды.

Қазақстанның бүкіл аймақтарында алдағы үш тәуліктерде ауа температурасы климаттық нормадан 8-16 градусқа жоғары сақталады.

Серіктес жаңалықтары