ШұғылӨткен аптада Қазақстанда коронавирустан 28 адам қайтыс болды

Қытайдан қазақстандықтарды эвакуациялауға тағы екі рейс жіберіледі

Қазақстанның Қытайдағы елшілігі ҚХР-дағы азаматтардың жақын күндері эвакуацияланатынын хабарлады

Фото: ap.com

Қазақстанның Қытайдағы елшілігі коронавирустың кең таралуына байланысты Бейжің мен Шанхай қаласынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау үшін қосымша рейс ұйымдастыру мәселесін талқылап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі елшіліктің сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан өз азаматтарын мемлекет қаржысына алып келеді.

«Елшіліктің ресми сайты және «WeChat» парақшасында жарияланған ақпарат пен хабарламаларды қадағалап отыруға шақырамыз. Ұшу мерзімдері, уақыты және басқа да әуе рейсіне қатысты ақпарат өтініштеріңізде көрсетілген нөмірлерге қосымша жолданады», - делінген мәліметте.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстан эпидемия ошағы Уханьнан 83 қазақстандықты эвакуациялаған еді.