05.02.2020, 21:11
Жаңалықтар
Коронавирусқа шалдықты деген қауіппен ауруханаға жеткізілген студенттің диагнозы белгілі болды
Ол 14 қаңтар күні Қытайдан келген
Фото: ашық дереккөзден
«Астана» медициналық университетінің студенті қалалық инфекциялық ауруханада тексерістен өтті. Елордаға Қытайдан келген студент коронавирус инфекциясын жұқтырмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі астаналық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
«Студентке бронхит диагнозы қойылды. Сырқат асқынған, бронхит. Коронавирус инфекциясы анықталған жоқ», - делінген ведомство хабарламасында.
Астаналық медициналық университет студенті 14 қаңтар күні Қытайдан оралған. Кейін ол коронавирусқа шалдықты деген қауіппен ауруханаға жеткізілді. Қалалық инфекциялық ауруханада диагноз нақтыланды.
Айта кету керек, жақында Қазақстан эпидемия ошағы Уханьнан 83 қазақстандықты эвакуациялаған еді.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 07:18
Астанада көктайғақ, Алматыда қар: үш күнге арналған ауа райы болжамы
15.11.2026, 08:51
Қазақстанда балалар арбасымен автобусқа мінуге тыйым салынғаны рас па? Министрлік жауап берді
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
