31.07.2022, 14:36
Жаңалықтар
Ақтөбеде жол-көлік апатынан 6 адам көз жұмды
Аман қалған екі адам ауруханада жатыр
Фото: "Диапазон"
Ақтөбе облысында Самара-Шымкент тасжолында 6 адам жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жол апаты 30 шілде күні сағат 23.30 -да Ырғыз ауданы Қалыбай ауылының маңында болды.
«Хонда-Фит» көлігін басқарған 32 жастағы Қырғызстан азаматы жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Лада-Ларгус» маркалы көлікпен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Лада-Ларгус» көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы және «Хонда-Фит» көлігінде болған бір жолаушы қаза тапты.
Ал «Хонда-Фит» жүргізушісі мен аталған көлікте болған бір жолаушы түрлі жарақат алып, Ырғыз аудандық ауруханасына жатқызылды.
Көп оқылған
05.11.2026, 11:35
Қылмыс солай ашылды: Павлодарда алты жасында нағашы ағасы зорлаған қыз ауыр қылмысты ChatGPT-ге айтып берген
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
05.11.2026, 08:33
«Төрт бөтелке сыра ішіп, дүкенге шыққан»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды