$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысындағы оқушы қызды зорлау мен өлтіру оқиғасына қатысты жаңа дерек шықты

Оқиға Панфилов ауданында болған

Жетісу облысындағы оқушы қызды зорлау мен өлтіру оқиғасына қатысты жаңа дерек шықты
фото: ernur.kz

Жетісу облысының Панфилов ауданында кәмелетке толмаған қызды зорлап, кейін өлтірген жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кәмелетке толмаған қыз кешкі уақытта құрбысына кетіп, сол беті үйіне оралмаған.

Жетісу облыстық Полиция департаментінің мәлімдеуінше жедел іздестіру жұмыстары нәтижесінде қылмысты жасаған жергілікті тұрғын ұсталды. Ол кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскенін және қылмысын жасыру үшін оны өлтіріп, денесін ауыл шетіне көмгенін мойындады.

Сонымен қатар жасөспірім қызды 4 жігіт жабылып зорлаған деген дерек жоққа шығарылды.

«Ауылда қауіпсіздік шарасы күшейтілген. Жасөспірімді төрт жігіт жабылып зорлаған деген ақпарат жалған. Қылмысты бір адам жасаған. Біз халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз»,- деді Жетісу облысы әкімінің баспасөз хатшысы Думан Алтынбеков.

Оқушының денесіне сот-медициналық сараптама жасалады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы және 120 баппен қылмыстық іс тіркелді. Күдікті 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Серіктес жаңалықтары