$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстаннан АҚШ-қа мототехникалар экспортталады

Ресейлік компанияның шағын өндіріс алаңы Петропавлда іске қосылды

 

Қазақстаннан АҚШ-қа мототехникалар экспортталады

Биыл сәуір айында Ural Motorcycles бас директоры Илья Хаит Ресей-Украина қақтығысының салдарынан енгізілген санкцияларға байланысты мотоциклдерді құрастыру жұмысын Қазақстанға көшіру туралы айтқан болатын. Бүгінде бұл жұмыс Петропавл қаласында жүзеге асырыла бастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетерлігі, Қазақстанда Ural мотоциклінің шығарыла бастағаны туралы ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Бұл жаңалық брендтің әлеуметтік желідегі парақшаларынан белгілі болды. Өткен аптада компания өз парақшасына Gear Up моделінің суретін салып, «First one out» деген жазба қалдырды. Кейін тағы бірнеше көліктің фотосуреті жарияланды.

Хаиттің айтуынша, жақын арада жиналған техника шетелге жіберіледі. Қазақстанда құрастырылған модельдер сатылымға 2022 жылдың соңына дейін шығады. Жалпы Ural мотоиклдерінің негізгі нарығы Ресей және ТМД емес, АҚШ болып отыр.

Осылайша, Қазақстан мототехниканы Америка Құрама Штаттарына экспорттайтын болады.

Тақырыпқа орай: Ресейлік «Ural» мотоциклдерінің өндірісі Қазақстанға көшіріледі

Сонымен қатар мотоцикл өнідірісінің Ресейден Қазақстанға ауысуы Ирбиттегі зауыт жұмысын тоқтатады дегенді білдірмейді. Ондағы мамандар қазір тіреуіш, рама секілді бөлшектер шығарып жатыр.

Серіктес жаңалықтары