$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ресейлік «Ural» мотоциклдерінің өндірісі Қазақстанға көшіріледі

Бұл туралы Ural Motorcycles компаниясының бас директоры мәлімдеді

Ресейлік «Ural» мотоциклдерінің өндірісі Қазақстанға көшіріледі
Фото: svtv.org

Ресейлік «Ural» мотоциклдері өндірісі Қазақстанға көшіріледі. Бұл туралы Ural Motorcycles компаниясының бас директоры Илья Хайт мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Коммерсантъ» басылымына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, мотоциклдер енді Петропавлда шығарыла бастамақ. Бұл шешім салынған санкцияға байланысты кейбір жабдықтың жетіспеуіне, сондай-ақ Ресейден техника импорттауға тыйым салынуына байланысты қабылданған. Сондай-ақ кәсіпорын Ресейдегі жұмысшыларының бірқатарын қысқартып, Петропавлда жаңа жұмысшылар алатыны айтылды.

Айта кетсек, Ural Motorcycles кеңестік «Урал» брендінің мұрагері саналады. 2000-шы жылдардың басында инвесторлар тобы Ирбиттегі банкротқа ұшыраған кәсіпорынды сатып алған болатын. Санкцияларға дейін Ural Motorcycles АҚШ, Канада және Мексикада дилерлік орталықтар ашып, өз өнімдерін осы елдерге сатып келді.

Серіктес жаңалықтары