$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ресейде импорттық алкогольдің бірнеше аптаға ғана жететін қоры қалған

Рестораторлар енді ТМД елдерінен келетін алкоголь импортына үміт артып отыр

Ресейде импорттық алкогольдің бірнеше аптаға ғана жететін қоры қалған
Фото: ашық дереккөзден

Шетелдік танымал алкоголь брендтерінің Ресейден кетуі мейрамхана иелерін қиын жағдайға душар етті. Олардың айтуынша, виски мен ром қоры тез таусылып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұған дейін нарықтағы екі негізгі ойыншы Diageo (Гиннес, Смирнофф, Джонни Уокер) және Beam SuntorySuntory (Джим Бим, Макаллан) Ресей нарығынан кететінін жариялаған болатын.

«Қоймалардағы спирттің қалған қоры бірнеше аптаға ғана жетеді, тіпті тамыз айында қор таусылуы мүмкін», - дейді True Cost, Nome, Code Coffee желісінің басқарушы серіктесі Глеб Марах.

Оның айтуынша, рестораторлар енді ТМД елдерінен алкоголь импортына үміт артып отыр.

Расымен, Ресей нарығы бұрынғы кеңес құрамында болған елдердің алкоголь өнімдеріне тапсырыс беретін болса, бұл мемлекеттерде алкоголь бағасы күрт өсуі мүмкін. Сөйтіп, Ресейге параллель импорт арқылы келетін барлық спирттік өнім 1,5 есеге қымбаттайды.

Серіктес жаңалықтары