$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен жалға алу тетігі қысқа мерзімде қабылданбақ

Аталған бағдарламаға шамамен 40 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр

Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен жалға алу тетігі қысқа мерзімде қабылданбақ
Фото: ашық дереккөзден

Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікті лизингке алу тетігін осы жылдың жаппай егін жинау жұмыстары басталғанға дейін, қысқа мерзімде қабылдау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бағдарламаның шарттары шағын және орта Ауыл шаруашылығы құрылымдарының ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуын ынталандыруға бағытталады.

«Бұл бағдарламаға шамамен 40 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Қаржыландыруды «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдары жүзеге асыратын болады», - делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Айта кетсек, кеше ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде вице-министрі мен Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрінің қатысуымен ӨКМ Операторының қаражаты есебінен отандық ауыл шаруашылығы техникасы сатып алу мақсатында жеңілдетілген несие механизмін енгізу қатысты кеңес өткен болатын.

Аталған кеңеске ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ, "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Жасыл Даму" АҚ және Қазақстан фермерлер одақтары қауымдастығының өкілдері қатысып, "Жасыл Даму"АҚ қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен жалға беру тетігінің негізгі тәсілдерін талқылап, келісті.

Серіктес жаңалықтары