$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанға Грузия мен Әзірбайжаннан соңғы алты айда 5 мыңға жуық автокөлік кірген

Қазақстанға Грузия мен Әзірбайжаннан соңғы алты айда 5 мыңға жуық автокөлік кірген

Қазақстанға Грузия мен Әзірбайжаннан соңғы алты айда 5 мыңға жуық автокөлік кірген
Фото: ашық дереккөзден

Биылғы жарты жылда Грузия мен Әзірбайжананнан 5 мыңға жуық автокөлік елге кірген. Республика аумағына кірген темір тұлпарлар шекарадан шығарылғанша Мемлекеттік кірістер комитеті бақылауында болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Соңғы айларға Қазақстан аумағына шет ел азаматтарымен жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын уақытша алып келу жағдайлары жиілеп кеткен. Бұлар негізінен Грузия мен Әзірбайжан азаматтары. Мұндай көлік құралдары біздің ел аумағына кіргеннен кейін Қазақстан азаматтарына сатылады», - делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің мәлімдемесінде.

Грузия мен Әзірбайжаннан әкелінген көліктерді кедендік тазартудан өткізу қажет. Яғни, заң бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік иелері кедендік баж бен салықтарды төлеп, ішкі істер органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен соң ғана қолдануға болады. Ал Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін үшінші елдерден уақытша әкелінген көліктермен Қазақстанда бір жыл ғана жүруге рұқсат.

Қазіргі уақытта азаматтар бір жылдан аса уақыт өтсе де, осындай автокөлік құралдарын кіргізгелі бері ешқандай тіркеу өткізбей, кедендік рәсімді жүргізбегені белгілі болып отыр. Сондықтан 116 автокөлік құралы тиісті рейдтік шаралар жүргізілудің нәтижесінде уақытша сақтау қоймаларында тұр.

Серіктес жаңалықтары