$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.02.2020, 13:11
Жаңалықтар

Түркия халқының саны 83 млн адамға жетті

Халық саны бір жыл ішінде 1,15 млн-ға өскен

Түркия халқының саны 83 млн адамға жетті
фото: aa.com.tr

Түркия статистика институтының (TÜİK) хабарлауынша, Түркия халқының саны 2019 жылмен салыстырғанда 1 млн 151 115 мың адамға өскен. Дәл қазіргі мәлімет бойынша, мемлекет халқының саны 83 154 997 адамға жеткен. Оның ішінде ерлердің үлесі 50,2% (41 721 136 адам), әйелдердің үлесі 49,8% (41 433 861 адам). Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады. 

Алайда, халық санының жыл сайынғы өсу қарқыны 0,014,7 пайыздан 0,013,9 пайызға дейін төмендеген. Қалалықтардың қатары 92,3%-дан 92,8%-ға дейін өскен, ал ауылдықтардың үлесі 7,2%. 

Анадолы агенттігі жариялаған мәліметте Ыстамбұлда – 15,5 млн, Бурсада – 3 млн, Измирде – 4,3 млн, Анкарада – 5,6 млн, Анталияда – 2,5 млн халық тұратыны көрсетілген. 2018 жылы Түркия халқының орташа жасы 32 болса, биылғы көрсеткіш - 32,4 жас.  

Серіктес жаңалықтары