$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда жол ережесін 5-тен көп бұзған жүргізуші айыппұлды 50% жеңілдікпен төлеу құқығынан айырылуы мүмкін

50 пайыздық жеңілдік Қазақстанда 2015 жылы қолданысқа енгізілді

Қазақстанда жол ережесін 5-тен көп бұзған жүргізуші айыппұлды 50% жеңілдікпен төлеу құқығынан айырылуы мүмкін
Фото ашық дереккөзден

ІІМ қазақстандық жүргізушілерге жылына бес мәрте жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 50 пайыздық жеңілдікпен айыппұл төлеуге тыйым салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі қала сыртындағы трассаларда орташа жылдамдықты арттырғаны үшін көлік құралдарының жүргізушілерін жауапкершілікке тарту мүмкіндігін көздейтін түзетулерді пысықтауда. Күнтізбелік жыл ішінде 5 әкімшілік құқық бұзушылықтан жоғары жасаған тұлғаларға 50 пайыз жеңілдікпен айыппұлды төлеу мүмкіндігін болдырмау көзделуде», - деді Жандос Мұратәлиев.

Айта кетейік, айыппұлдарды төлеу кезінде 50 пайыздық жеңілдік Қазақстанда 2015 жылы қолданысқа енгізілді.

Серіктес жаңалықтары