$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еліміздің басым бөлігінде әлі де ыстық ауа райы сақталады

Тек кей аймақтарда жаңбыр жаууы мүмкін

Еліміздің басым бөлігінде әлі де ыстық ауа райы сақталады
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 25 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Республиканың батыс жартысында солтүстік-батыс циклонға байланысты жаңбыр, кейде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ, дауыл болады. ҚР оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Қазақстанның шығыс жартысында жауын-шашынсыз ауа райы болады», - делінген хабарламада.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде және орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі болады.

Күндіз Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ұлытау, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Алматы облысының тау бөктерінде қатты ыстық болады.

Күндіз Алматы облысының басым бөлігінде, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының батысында және шөлді аудандарында, Жетісу облысының шығысында өте қатты ыстық сақталады.

Серіктес жаңалықтары