$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ВИЧ жұқтырған қазақстандықтарға бала асырап алуға рұқсат етілуі мүмкін

Баланы қамқорлыққа алуға рұқсат етілмейтін аурулардың тізімі 2015 жылы бекітілген

ВИЧ жұқтырған қазақстандықтарға бала асырап алуға рұқсат етілуі мүмкін
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромына (СПИД) шалдыққан және АИТВ (ВИЧ) жұқтырған адамдардың бала асырап алуына және оны қамқоршылыққа алуына тыйым салатын аурулар тізімі туралы заңға Денсаулық сақтау министрлігі өзгертулер енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) және адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) инфекциясы баланы асырап алуға немесе қамқоршылыққа алуға болмайтын аурулар тізімінен шығарылады,», - делінген «Ашық НҚА» порталында.

Құжатқа сәйкес, түзету 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекспен сәйкестендіріледі, онда АИТВ жұқтырған Қазақстан азаматтары бала асырап алуда еліміздің басқа азаматтарымен тең құқылы болады.

Бұйрық жобасы 4 тамызға дейін талқылауға ұсынылады.
 

Серіктес жаңалықтары