22.07.2022, 12:27
Жаңалықтар
Болат Назарбаевтың аса ауыр халде жатқанын тағы бір дереккөз растады
Ол наурыз айында 69 жасқа толды
Фото ашық дереккөзден
Болат Назарбаевтың денсаулығы туралы «Салиқалы ұрпақ» қоры мәлім етті. Бұл туралы Azattyq Ruhy Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Болат Назарбаевтың жағдайы тұрақты ауыр халде екенін және 2015 жылдан бастап онкологиялық аурудан емделіп жатқанын хабарлаймыз», - деді қоғамдық қордың директоры Қасым Қасабеков.
Осыған дейін БАҚ-та Болат Назарбаевтың фотосы мен видеосы жарияланған. Дереккөздің мәліметінше Болат Назарбаевтың жағдайы өте мүшкіл және «дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде».

«Салиқалы ұрпақ» сайтында Болат Назарбаев қоғамдық қордың құрушысы ретінде көрсетілген.
Айта кетейік, Болат Назарбаев наурыз айында 69 жасқа толды.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды