$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.02.2020, 22:26
Жаңалықтар

Қазақстанда банк картасының мәліметтерін ұрлайтын вирус тарап жатыр

Бұл туралы KZ-CERT орталығының мамандары хабарлады

Қазақстанда банк картасының мәліметтерін ұрлайтын вирус тарап жатыр
Фото: ашық дереккөзден

KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету орталығының мамандары зиянды Lokibot бағдарламалық жасақтаманың жаппай тарап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Орталықтың баспасөз қызметі хабарлағандай, KZ-CERT-ке заңды және жеке тұлғалардан SWIFT ADVICE.exe. мазмұнындағы хабарламалардың келіп жатқаны туралы шағымдар көптеп түсе бастаған. 

«Сарапшылар файлда LokiBot трояны ретінде танылған бағдарламалық жасақтама бар екенін анықтады. Бұл зиянды бағдарлама әртүрлі қосымшалардағы ақпараттарды ұрлайды. Яғни, бағдарлама тек құрылғыдағы ақпараттарды ғана емес, браузер мен қосымшалардағы банк карталарының мәліметтерін де ұрлауы мүмкін», - деп жазылған хабарламада.

Орталық мамандарының айтуынша, вирустың бар-жоғын вирусқа қарсы бағдарламалардың жаңа нұсқасы арқылы анықтауға болады. Ал қауіпсіздікті сақтау үшін KZ-CERT мамандары лицензияланған бағдарламалық жасақтамаларды пайдалануға, күмәнді файлдарды ашпауға кеңес береді.

«Осы секілді күмәнді хабарламалар тарап жатса, тәулік бойы 1400 номеріне немесе мына сілтеме бойынша хабарлауға болады. Сонымен қатар incident@kz-cert.kz электронды поштасына жібере аласыздар», - дейді мамандар.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#банк #вирус