Түркістан облысында шекарадан есірткі алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
Ол есірткіні көлік қозғалтқышының астына жасырған

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Жібек жолы» шекарасының бақылап-өткізу бекетінен есірткі алып өтпек болған Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Марика» атты қызметтік иттің көмегімен «Daewoo Nexia» автокөлігінен марихуана табылған.
Оқиға бойынша тәртіп сақшылары тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде автокөлік қозғалтқышының астында қоңыр түсті пакетке салынған есірткі затына ұқсас зат табылды.
«Бұл факті ҚР ҚК 286-бабы 1-бөлігі «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысы шетелдіктен алынған заттың «марихуана» есірткісі екенін анықтады. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп көрсетті Түркістан облыстық Полиция департаменті.