$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына барды

Мемлекет басшысы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіне қатысады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына барды
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 21 шілдеде өтетін IV Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Ата қаласына (Қырғызстан) барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысын әуежайдан Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Қырғыз Республикасы Транспорт министрі Эркинбек Осоев, Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нуран Ниязалиев қарсы алды.

«Жиында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан көшбасшылары әлемдегі қазіргі геосаяси және экономикалық ахуалға байланысты өңірлік интеграцияның перспективаларын қарастырмақ», - делінген хабарламада.

Саммит қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қойылады деп жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары