$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Эпидахуал нашарлады: Нұр-Сұлтан «сары» аймаққа жақындап келеді

Елордада жабық мекемелерде және қоғамдық көлікте бетперде кию ұсынылады

Эпидахуал нашарлады: Нұр-Сұлтан «сары» аймаққа жақындап келеді
Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігі

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова соңғы екі аптада елордада коронавирустың 3 970 жағдайы тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сархат Бейсенова қаладағы эпидемиологиялық жағдай нашарлап бара жатқанын айты.

«22 маусымнан 5 шілдеге дейін екі аптада 414 жағдай тіркелген болса, соңғы екі аптада 6-19 шілде аралығында КВИ-дің 3 970 жағдайы тіркелді. Осылайша, ауру деңгейі 9,5 есеге артып отыр. Жаңа жағдайларды анықтау тәулігіне 586-ға жетті. Эпидемиологиялық жағдайдың жаңа матрицасы бойынша қала «сары» аймаққа жақындап келеді», - деді Сархат Бейсенова.

Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері азаматтарды аса қажетсіз адамдар көп жиналатын орындарға бармауға шақырды.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарын адамдар көп жиналатын орындарға бармауға шақырамын. Өздеріңіз көріп отырсыздар, вирус жойылмайды, ауру қайтадан өсуде. Кіммен байланысатыныңызды шектеңіз. Қала «сары» аймаққа ауысқан кезде инфекция көзін оқшаулауға бағытталған шаралар қабылданады. Вакцинация және ревакцинация инфекциядан жалғыз қорғаныс болып қала береді. Сондықтан біз вакцинация мен ревакцинациядан өту арқылы ғана аурудың өсуіне қарсы тұра аламыз. Сондай-ақ елорданың «жасыл» аймақта болуына қарамастан, ВАК шешімі бойынша жабық мекемелерде және қоғамдық көлікте бетперде кию ұсынылады»,- деді Сархат Бейсенова.

Бұған дейін хабарланғандай, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1959 жаңа жағдайы тіркелді.

Серіктес жаңалықтары