АрселорМиттал Теміртауға қарасты фабрикада заңнама талаптары сақталмаған
Тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік материалдар сотқа жолданды
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Восточная» орталық байыту фабрикасында жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша берілген 2022 жылғы 4 наурыздағы №53 анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау мақсатында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Восточная» ОБФ жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі Қарағанды көмір бассейнінің шахталарында өндірілетін көмірдің күлі жоғары, байытылуы қиын маркаларын байыту болып табылады. Кәсіпорын «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургия комбинаты, сондай-ақ Ресей мен Украина кәсіпорындары үшін көмір концентратын шығарады. Фабрика аумағында 10 өндірістік корпус және АБК ғимараты орналасқан.
«Тексеру барысында 43 объект тексерілді (ленталық конвейерлер, электромеханикалық шаруашылықтың жай-күйі, объектілердің сору желдеткішінің жай-күйі, пайдаланудың нормативтік мерзімі өткен техникалық құрылғыларды уақтылы ауыстыру және басқалар). Тексеру нәтижелері бойынша бұрын анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылмағаны анықталды», - деп көрсетті Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 5 бұзушылығын анықталды. Мемлекеттік инспекторлар анықтаған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 462-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылып, ол өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығына қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдау үшін Қарағанды облысының Абай аудандық сотына жолданды.