$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда 9 кәсіпорынның 34 млн теңге көлемінде жалақы қарызы бар

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты

Атырауда 9 кәсіпорынның 34 млн теңге көлемінде жалақы қарызы бар
Фото: Аzh.kz

Атырауда 9 кәсіпорынның 34 млн теңге көлемінде жалақы бойынша қарызы бар. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың аймаққа жасаған жұмыс сапары барысында айтылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың Атырау облысына жұмыс сапары аясында «Теңізшевройл» ЖШС базасында өткен кеңес барысында ЕХӘҚМ басшысы жергілікті атқарушы билік органдарын жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және өңірде еңбек жанжалдарын болдырмау мәселелеріне ерекше назар аударуға шақырды.

Министр Атырау облысында 9,5 мыңнан астам кәсіпорын мен ұйым жұмыс істейтінін және оларда 278 мың жалдамалы қызметкер еңбек ететінін атап өтті.

Сондай-ақ, министр облыстағы 9 кәсіпорында жалпы сомасы 34 млн теңгені құрайтын еңбекақы бойынша берешек бар екеніне тоқталды.

«Әкімдік аумақтық прокуратура, қаржы және әділет органдарымен бірлесіп, жалақы және әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу бойынша егжей-тегжейлі жоспар-кесте әзірлеуі қажет. Жалақы және жұмыскерлерді жұмыстан босату бойынша ықтимал берешекті анықтау бойынша жұмысты әлеуметтік аударымдарды төлеуді төмендеуіне мониторинг жүргізу арқылы жүргізген жөн»,- деді Тамара Дүйсенова.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#жалақы #қарыз