18.07.2022, 21:00
Жаңалықтар
Атырауда аса ірі көлемде есірткі затын тасымалдаған күдікті ұсталды
Қазіргі уақытта ол қамауға алынды
фото: Polisia.kz
Атырауда аса ірі көлемде есірткі затын тасымалдаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Атырау облыстық прокуратурасының бастамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің және Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бірлесуімен аса ірі көлемдегі есірткі затын тасымалдау фактісін анықталды.
Тәртіп сақшылары Атырау – Ақтөбе тас жолының 30-шақырымында Toyota Ipsum тоқтатып, тексеру кезінде жалпы салмағы 17 келі марихуана тапқан.
Аталған дерек бойынша Атырау қалалық Полиция басқармасы ҚК 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
