Атырау облысында коммуналдық тарифті екі есе көтерген басшы 6 жылға сотталды

Azattyq Rýhy

Сонымен қатар мемлеттік мекемелерде материалдық жауапты лауазымда жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды

Атырау облысында коммуналдық тарифті екі есе көтерген басшы 6 жылға сотталды
фото: azh.kz

Атырау облысы Жылыой аудандық соты аса ірі мөлшерде залал келтірді деп айыпталған «Жылыойсу» МКК директоры Берік Алагөзовке үкім шығарды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Жылыойсу» МКК директоры 2019 жылдың наурызынан 2021 жылдың наурыз айына дейінгі аралықта монополиялық жоғары бағаларды белгілеп, Құлсары қаласындағы су мен канализациялық қызметтің тарифін негізсіз көтергені анықталды. Залал мөлшері 126 млн теңгеден асты. Сотқа дейінгі тергеу кезінде қаржы мемлекетке толық қайтарылды. Ал тарифтер 54,4 пайызға төмендетілді.

Сот сотталушыны кінәлі деп танып, мемлеттік мекемелерде материалдық жауапты лауазымда жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.