$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлттық музей өкілі Антикордың хабарламасына қатысты түсініктеме берді

Антикор мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтіру фактісіне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр

Ұлттық музей өкілі Антикордың хабарламасына қатысты түсініктеме берді
фото: www.inform.kz

Ұлттық музейдің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі хабарлаған қылмыстық іске Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысы жоқ мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Достар, Арыстанбек Мұхамедиұлына байланысты әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ өкілдерінде тарап жатқан ақпарат жалған екендігін мәлімдеймін. Арыстанбек Мұхамедиұлы 2017-2018 жж. Музейдің директоры болған жоқ. Сонымен қатар, шындыққа сәйкес келмейтін жалған ақпарат таратпауға шақырамын», - деп жазды ол.

Естеріңізге саламыз, Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2017-2018 жылдары «Ақпараттық ресурстарда объектілерді танымал ету үшін жалпыұлттық тізбеге енгізілген объектілердің 3D модельдерін құру» жобасын іске асыру кезінде Ұлттық музей басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ұлттық музей мердігер ұйымдарға аталған жоба аясында атқарылған жұмыстар үшін 1,3 млрд теңге төледі.

Сонымен қатар, жүргізілген сараптамалық зерттеу жұмыстарының нақты құны 83,4 млн теңгені құрағаны анықталды.

Осылайша, жұмыс құны 1,2 млрд теңгеге негізсіз ұлғайтылып, мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірді.

Серіктес жаңалықтары