15.07.2022, 21:09
Жаңалықтар
«Қазфосфат» компаниясының жетекшілігіне қатысты сот алды тергеуі басталды
Кәсіпорын басшылығы заңсыз жолмен табыс көруді мақсат еткен
Фото ашық дереккөзден
«Қазфосфат» компаниясының жетекшілігіне қатысты сот алды тергеуі басталды. . Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметінше, кәсіпорын басшылығы монополиялық жағдайды асыра пайдаланып, заңсыз жолмен табыс көруді мақсат еткен.
Айта кетейік, 11 шілдеде Тараздағы минералды тыңайтқыштар зауытының газ шығарындылары мөлшерден тым асып кеткен болатын. Салдарынан қаланы қою түтін тұмшалады. Таяуда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазфосфатқа» қатысы бар компания көп мөлшерде тыңайтқыш сатқанын, және бағаны әдейі жоғарылатқанын айтқан болатын.
Көп оқылған
01.07.2026, 16:04
СҚО-да жол апатынан кейін мас жолаушы жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасады (ВИДЕО)
01.07.2026, 11:33
Университет түлегі мен профессордың диплом табыстау сәтіндегі биі жұртты тәнті етті (ВИДЕО)
01.07.2026, 09:15
Жүргізуші куәлігінің болуы, тротуармен жүрмеу, шлем: самокат айдайтындарға қатысты ереже бүгіннен бастап күшейді