$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Эпидахуалды бағалау матрицасы өзгерді: Алматы қайтадан «жасыл» аймаққа өтті

Осылайша, бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірі «жасыл» аймақта тұр

Эпидахуалды бағалау матрицасы өзгерді: Алматы қайтадан «жасыл» аймаққа өтті
Фото: 24.kz

Бүгіннен бастап Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын өзгертті. Матрица бойынша 100 мың тұрғынға шаққанда науқастардың 7 күнгі орташа тәуліктік сырқаттану көрсеткіші енді 100 мың тұрғынға шаққандағы тәуліктік көрсеткіші бойынша қайта қаралмақ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Матрица қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ұлттық сарапшылардың және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының қатысуымен өзектендірілген. Матрицаны қайта қарау кезінде инфекциялық стационарлар мен қарқынды терапия бөлімшелеріндегі емдеуге жатқызу деңгейінен, халықты вакцинациялаумен қамту деңгейінен, инфекцияның таралуынан және коронавирустық инфекцияның айналымдағы нұсқалары бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалаудың ДДСҰ ұсынымдары ескерілді.

«Мәселен, «жасыл» аймақта - R репродуктивті санының көрсеткішіне қарамастан 2 500-ге дейін төсек-орын қамтылғанда, сондай-ақ 5 000-ға жуық төсек-орны қамтылғанда және R репродуктивті көрсеткіші 1-ден кем болғанда; «сарый аймақта – шамамен 5000 төсек-орын және R 1-ден көп болғанда; немесе 5000-нан 10000-ға дейін төсек-орын және R 1-ден аз болғанда; «қызыл» аймақ – 5000-нан артық төсек-орын қамтылса және R 1-ден көп болған кезде; немесе аурудың таралуына қарамастан, бірақ қамтылу 10000-нан астам болса – бұл жағдайдың қиын екенін білдіреді. Сырқаттанушылық жоғары болуы мүмкін екеніне қарамастан, науқастардың 90%-ы амбулаториялық ем қабылдап жатыр. Ауру жеңіл, орташа және ауыр түрде өтеді, бұл ретте өлім-жітім нөлге тең болады», - деп атап өтті спикер.

Бұған дейінгі эпидемиологиялық ахуал көрсеткіші бойынша Алматы қаласы «қызыл» аймаққа жетіп қалған болатын. Министр атап өткен жаңа бағалау матрица бойынша енді Алматы «сары» аймақтан қайтадан «жасыл» аймаққа өтіп отыр. Соңғы мәліметке сүйенсек, шаһарда өткен тәулікте 349 адамнан коронавирис инфекциясы анықталған.

Осылайша, бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірі «жасыл» аймақта тұр.

Серіктес жаңалықтары