15.07.2022, 12:05
Жаңалықтар
Беларусь ШЫҰ-ға мүше болуға ресми түрде өтінім берді
Беларусь елінің ШЫҰ-ға кіру процесі заңмен белгіленген рәсімдер бойынша жақын арада басталады
Фото ашық дереккөзден
Беларусь мүше мемлекет ретінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) кіруге ресми түрде өтінім берді. Бұл туралы Azattyq Ruhy ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин мәлімдеді.
«Беларусь жақында ШЫҰ-ға толық құқылы мүше ретінде кіруге ресми түрде өтініш берді», - деді ол.
Оның айтуынша, Беларусь елінің ШЫҰ-ға кіру процесі заңмен белгіленген рәсімдер бойынша жақын арада басталады.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы – Ресей, Үндістан, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан және Өзбекстан елдері кіретін өңірлік халықаралық бірлестік.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді