Даниал Ахметов журналистерді дамып келе жатқан Семей қаласын көруге шақырды
Тілшілер қалаға қатысты бірнеше сұрақ қойды

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингі барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов журналистерді осы қаланың қандай оң өзгерістерге ұшырағанын көру үшін Семейге шақырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Биыл Семей жаңа Абай облысының орталығы болды, алайда тілшілер қалаға қатысты бірнеше сұрақтар қойды, өйткені ол ұзақ уақыт Шығыс Қазақстан облысының құрамында болды. Сұрақтардың бірінде БАҚ өкілдері Даниал Ахметовтің жұмысына байланысты Семей кәсіпкерлері тарапынан жасалған сын мәселесін қаузап, әкімнің бұл сөздерге деген көзқарасын сұрады.
«Егер сіз мұның бір ғана жағын көрсеңіз – бұл бір сұрақ, егер бұл 3-4 өтініш болғанын көрсеңіз – бұл басқа тәсіл, - деп атап өтті Даниал Ахметов. – Менің басты міндетім – өз тапсырмамды орындау. Семейдің әлеуметтік базасының қалай кеңейгенін, көшелерді қаншалықты кеңейткенімізді, жылдар бойы шешілмеген инфрақұрылым мәселелерін шешкенімізді көру керек. 30 жыл бойы адамдар жүк тасымалдайтын көпірдің жөнделуін күтті, біз бұл мәселені шештік. Семей әуежайын қайта жөндедік. Сумен қамтамасыз ету мәселесін шештік. 40 жыл бойы проблемалы болып келген кәріз дюкерін күрделі жөндеулен өткіздік. Сол себепті Семейге келіп, өз елін жақсы көретін, жақсылықты қалайтын азамат ретінде атқарылған жұмыстарды көздеріңізбен көрсеңіздер игі болар еді.